«Нұр Отан» партиясы Заңгерлер
одағымен меморандум жасасты. Құжатқа билеуші партияның хатшысы Құмар Ақсақалов
пен «Қазақстан заңгерлер одағының» төрағасы, Мәжілістегі заңнама және
сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев қол қойды. Тараптар заңнаманы жетілдіру және тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын
жүргізу мәселелерін талқылады.
Еске салайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия
Саяси кеңесінің отырысында жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама қабылданғанын
жариялады. Құжатта жемқорлықпен күресіп қана қоймай, оны болдырмау жолдарын
қарастыру жайы қамтылған. Әр алуан мақсатты топтардың, азаматтық сектор мен
бизнес қауымдастықтардың өзара іс-қимыл бойынша ынтымақтастық орнатуына баса
мән берілген.
Рахмет Мұқашев, «Қазақстан
заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бүгін «Қазақстан заңгерлер одағы»
«Нұр Отан» партиясымен меморандум жасасты. Одақ еліміздегі 20 мыңға жуық
заңгерлердің басын қосты. Бірігіп жасайтын жұмыстар өте ауқымды. Бұдан бөлек,
Заңгерлер қауымдастығы партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуына атсалысады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА