Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында боран кезінде екі адам жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1188

Павлодар облысында қарлы боранда жоғалған адамдар әлі табылған жоқ. Көмір тасымалымен айналысқан екі адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға Қарасұқ ауыл округі маңында болған. КамАЗ жүк көлігіне көмір тиеген олардың машинасы сайын далада істен шыққан. Сөйтіп екі адам көмек сұрауға аттанады. Сол күйі оралған жоқ. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Әлия Темірова хабарлады.

Оның сөзінше, жүк көлігінде жүргізушімен бірге қожалықтың екі жұмысшысы болған. Алдымен ауылға көмек сұрап 41 жастағы жұмысшы, содан кейін 29 жастағы бақташы кеткен күйі кері оралмаған. Түні бойы құтқарушылармен бірге жергілікті тұрғындар, полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қарлы боран іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде. Сондықтан, жол талғамайтын көліктер тартылды. Сондай-ақ, құтқарушылар атпен жолға шықты. Әзірге нәтиже жоқ. 


Илхам ИБРАГИМ