Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та тоқтаусыз жауған қар салдарынан 8 адам ажал құшты

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1187

АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы толассыз жауған қардың салдарынан қаза тапқандар саны артуда. Бұл туралы ресейлік жаңалықтар агенттігі хабарлайды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 8 адам ажал құшты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Нью-Йорк штатында алты адам және Нью-Гэмпшир мен Мичиган штаттарында тағы екі адам көз жұмған.

Ал, метеорологтар жауын-шашын күшейіп, жақын аймақтарда жылдық нормадағы қар түсуі мүмкін, дегенді айтады. Нью-Йорктың он округінде табиғаттың тосын мінезі салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді. Баффало қаласының халықаралық әуежайында әуерейстердің 40 пайызға жуығы тоқтатылды, ал көптеген елді мекендерде көлік қозғалысы қиындай түскен.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ