Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Айтыс» атты тұңғыш қазақстандық мессенджердің тұсаукесері өткізілді

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1161

Елордада «Айтыс» (iTys) атты тұңғыш қазақстандық мессенджердің тұсаукесері өткізілді. Бұл - әлемге әйгілі Whatsapp-тың қазақстандық баламасы. Қазақстандық мамандар жасап шығарған мобильдік қосымша жедел хабар алмасуға арналған.  iTys орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, қазақ әліпбиінің барлық әріптерін пайдаланып, мемлекеттік тілде хабар алуға мүмкіндік береді. Бұл ерекшелік - оны  қолданыстағы өзге мессенджерлерден даралап тұр.

Жаңа отандық өнім үш тұғырлы тіл және қазақ тілін  ақпараттық ортаға бейімдеу туралы Елбасы жүктеген міндеттерге сай келеді. Сондай-ақ оны пайдалану тегін. Жобаны жасаушылар оның өзге де бірқатар артықшылықтарын айтып өтті. Жобаға пікір білдіріп, ұнаған қызмет түріне дауыс беріп, тақырыптар ұсыну үшін, мессенджердің ресми сайты - www.itys.kz -ке кіру жеткілікті.

Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

Бұл да мынау заман талабына сай, жаңа технология дейміз ғой, жаңа инновациялық жоба. Бұл іске біз барымызды салдық, жаңағы жас жігіттеріміз уақытымызды да, күш жігерімізді де аянбай жұмсадық. Сөйтіп, 1 жылдың ішінде осы «Айтыс» жобасын жасап шығардық. Жоба жұмысына кәсіби техниктерді тарттық, смайликтер мен мәтіндер ұлттық нақышта әзірленді. Жобаның қызықты да тартымды болуына креативті суретшілер мен дизайнерлер үлес қосты. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ