Русский Сайттың толық нұсқасы

WhatsApp-тың қазақстандық баламасы пайда болды

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1797

Елордада «Айтыс» (iTys) атты Тұңғыш қазақстандық мессенджердің тұсаукесері өткізілді. Бұл - әлемге әйгілі WhatsApp-тың қазақстандық баламасы. Қазақстандық мамандар жасап шығарған мобильдік қосымша жедел хабар алмасуға арналған.

iTys орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, қазақ әліпбиінің барлық әріптерін пайдаланып, мемлекеттік тілде хабар алуға мүмкіндік береді. Бұл ерекшелік оны  қолданыстағы өзге мессенджерлерден даралап тұр. Жаңа отандық өнім үш тұғырлы тіл және қазақ тілін ақпараттық ортаға бейімдеу туралы Елбасы жүктеген міндеттерге сай келеді. Сондай-ақ, оны пайдалану тегін.

Жобаны жасаушылар оның өзге де бірқатар артықшылықтарын айтып өтті. Жобаға пікір білдіріп, ұнаған қызмет түріне дауыс беріп, тақырыптар ұсыну үшін, мессенджердің ресми сайты - www.itys.kz-ке кіру жеткілікті.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА