Русский Сайттың толық нұсқасы

Серік Ахметовке аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1042

Серік Ахметовке аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Алдын ала тергеу бойынша, экс-шенеунік аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 176-бабының 4-тармағы «Б» пункті бойынша айыталуда. Бұл жайында Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған ақпаратқа сай, тергеу органдары Ахметовті қоғамнан оқшаулау шараларын сұрамаған. Сондай-ақ прокуратура айыпталушыны қамауға алу туралы шешім шығару мәселесін талап етпеген.

Ахметовтің бұрын сотталмағаны, Қарағандыда тұрақты мекен-жайы бар екендігі ескерілді. Сот сондай-ақ оның денсаулық жағдайын да ескерді. Сондықтан үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде санкция шығарылды -делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, үш күндік мерзімде шағымдануға мүмкіндік болады. Еске салайық, кеше бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметовке айып тағылып, ол үй қамаққа алынғаны белгілі болды.