Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Пхеньян плутоний өндіруге дайындалып жатыр деген күдік танытуда

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1076

Вашингтон Пхеньян ядролық жанармай қалдықтарынан қарулы плутоний өндіруге дайындалып жатыр деген күдік танытуда. Бұл туралы Джон Хопкинс атындағы америкалық университеті жанындағы АҚШ пен Корея институты спутниктен түсірілген суреттерге сілтеме жасап, хабар таратты. Суреттердегі көрініске байланысты мамандар Йонбендегі ядролық реактордың осымен 10-шы апта жұмыс істемей тұрғанын айтады. Бұл оның техникалық тексерістен өтетін уақытынан тым ұзақ.

Олардың пайымдауынша, жұмысшылар  реактордың жанармай желілерін ауыстыруда. Бұл соңғы алты жылда Пхеньян тарапынан жасалған алғашқы қауіпті қадам болуы мүмкін. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қызметкерлері мен порталдың редакторы Джоэл Виттің айтуларынша, «бір жылдан кейін солтүстік корейліктер реактордағы барлық желілерді ауыстырып болған соң, жаңа жарылғыш бомбалары үшін біраз көлемді плутонийлар жасап шығаруы әбден мүмкін».

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ