Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы жарылыс болған колледж мұғалімі екі айға қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1407

Алматыдағы колледжде болған жарылысқа орай басты күдікті сот пәрменімен қамауға алынды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімін оқшаулау туралы ішкі істер департаменті өтініш түсірген. Алмалы аудандық соты күдіктіні екі айға қамау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, 17 қарашада таңертең Алматыдағы кәсіптік білім беретін оқу орнында әскери граната жарылып, 1 оқушы көз жұмған болатын. Оқыс оқиға кезінде жардап шеккен тағы 12 адам ауруханада жатыр. Жарылысты тексерген полиция Қылмыстық кодекстің  екі бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

Алматы қаласы ІІД тергеу тобы кеше ғана Азамат Қарабалаевтың ісін сотқа жолдаған болатын. Бүгін оны екі айға бұлтартпау туралы шешім қабылданып, қамауға алынғанын мәлімдеп отырмыз.

Жарақат алған 12 студенттің үшеуі емнен соң үйлеріне қайтарылды. Ал екі науқастың өміріне әлі де қауіп төніп тұр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәлімдеуінше, жарылыс болған күні барлығы 5 студент жан сақтау бөліміне жатқызылған. Олардың үшеуі едәуір оңалып, соңынан палаталарға ауыстырылды. 

Жанат Қасымжанова, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Реанимациядан науқастар неврология және травмотологияға көшірілді. Ал қалған екі науқас жан сақтау бөлімінде. Жағдайлары ауыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ