Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңінің қорытындылары жасалды

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1357

Дағдарыс жағдайында Қазақстан тиісті сақтық шараларын қабылдайды. Индустрияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында Президент осылай деп атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Үкімет мүшелері, компаниялар басшылары мен халықаралық сарапшылар қатысқан жиында Мемлекет басшысы әлемдік нарық жүйесіндегі қиындықтарға тоқталды. «Халық саны аз Қазақстан үшін экономикаға бір мезгілде 20 миллиардтан астам доллар салу айтарлықтай нәтиже беруі тиіс», - деді Президент. 


Ал халықаралық сарапшылар жаһандық экономикадағы соңғы үрдістер, дамыған және дамушы елдер саясатындағы жаңа трендтер жөніндегі пікірін ортаға салды. Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңінің қорытындылары мен келесі кезеңінің перспективаларына баға берді.

Клаус Мангольд, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ директорлар кеңесінің мүшесі:

Қазақстан әлемдік дағдарысқа төтеп берер дұрыс қадамдар жасауға қауқарлы. Ол үшін мемлекеттің білігі, адамдық қоры, Ресей мен Қытайдың екі арасында орналасқан ұтымды географиялық жағдайы бар. Керемет көшбасшылық пен озық индустрияландыру бағдарламасының арқасында елдің алдағы 5-10 жылда жоғары жетістіктерге жетеріне сенімдімін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ