Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария президентін қабылдады

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1126

«Қазақстан мен Швейцария Украинадағы дағдарыстың оңды шешілуіне мүдделі». Ақордада Швейцария президенті әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс басындағы төрағасы Дидье Буркхальтермен өткен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саясаттағы көзқарасы түйісетінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Есть у обеих сторон желание быстрее решить проблему украинского кризиса. Чтобы в этой стране установился мир и благополучие!

Елбасы екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Елімізде индустриялық саясатқа басымдық берілуде. «Сондықтан Швейцария тәжірибесінен аларымыз мол», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Әсіресе фармацевтика, химия, көлік өңдіру мен сағат жасап шығаруда үйренеріміз көп, дегенді қосты. Бүгінде елімізде 40-тан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Болашақта өндіріс санын көбейту жоспарда бар.

Дидье Буркхальтер,  Швейцария президенті:

Бұл менің Қазақстанға ғана емес, Орталық Азияға жасаған алғашқы сапарым! Тек Швейцария президенті ретінде ғана емес, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде сапарлап отырмын. Қазақстан Еуропа мен Азияны біріктіретін көпір іспетті. Сондықтан бүгінгі ресми келіссөздер үлкен нәтиже береді деп сенемін.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА