Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы - өнеркәсіптің өсуіне негіз болатын басты кепілдік

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1298

«Нұрлы жол» бағдарламасы - өнеркәсіптің өсуіне негіз болатын басты кепілдік. Мұндай пікірді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстандық индустрияны дамыту институтының» басқарма төрағасы айтты. Айдын Құлсейітов жаңа тапсырмаларды орындау барысында белгілі нәтижелерге қол жеткізетін баламаларды тілге тиек етті. 


Ресейлік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан бүгінде көптеген елдің алдында көш бастап тұр. Бұл индустрияландыру бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр. 5 жыл бұрын басталған игі іс алдын-ала жоспарланған бағытқа сай жүзеге асты. Сонымен қатар бұл бағдарламаның екінші кезеңінің басталуы дағдарыс уақытында ел экономикасының қарқынды дамуына жол ашпақ. 

Айдын Құлсейітов, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы:

«Нұрлы жол» бағдарламасында индустриаландыру бағыты айрықша атап өтілген. Бұл өте маңызды. Қазіргі кезде индустриаландыру ісі жылдам әрі қарқынды түрде жүріп жатыр. Дағдарыс кезеңінде геосаясат, қаржы, экономикалық жағдай күрделенетіні белгілі. Бұл іс осы қиындықтардың алдын алмақ.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ