Русский Сайттың толық нұсқасы

KEGOC акциялары санаулы күндерден соң халықтық IPO арқылы сатылымға шығады

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2014
  • 1157

Еліміздегі ірі компаниялардың бірі - KEGOC акциялары санаулы күндерден соң халықтық IPO арқылы сатылымға шығады. Болашақ акционерлердің өз таңдауын дұрыс жасауы маңызды. Осы ретт аталған компания БАҚ өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырды.

Алматы облысындағы «Алма» қосалқы станциясы тәуелсіздік алған жылдары салынған. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған жоба құны 30 миллиард теңге. Мекемедегі әр бөлшек - отандық өнеркәсіптің өнімдері. Электр стансасын аралау барысында KEGOC компаниясының төрағасы біршама мәлімет келтірді. Жоба Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электрмен қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Соның арқасында шығындар 10 пайызға азайып, электр қуатының құны төмендеген. Тұрақты даму жолындағы компания отандық өнімдерді қолдану арқылы болашақта жаңа 15 инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі. 

Бақытжан Қажиев, KEGOC АҚ басқарма төрағасы:

25 миллион 999 мың 999 минус бір акция сатылымға шығады. Еліміздің әр қаласында роут-шоу жүріп жатыр. Біздің ішкі саясатымызға сәйкес, дивиденттердің 40 пайыздан төмен емес, 40 пайыздан жоғары қаршыны акционерлерге төлейтін боламыз.

Акционер атанамын деген азаматтардың өтінішін қабылдау қарашаның 5-не басталған. Науқан 3 желтоқсанға дейін жалғаспақ. 18 желтоқсанда әр адамға қанша акциялық үлес бұйырғаны белгілі болады. «Кегок» басшыларының айтуынша, акционер болуға алдымен компанияның жұмысшылары ниет білдірген. 1 акцияның құны 505 теңге. Осы жылдың тоғыз айында «Кегок» компаниясы 1 миллард 800 миллион теңге таза табыс тапқан.

Қуаныш Хазизев, 500 КВ «Алма» қосалқы станциясының қызметкері:

Мен осы компанияда 3 жыл жұмыс жасаймын. Сондықтан мен IPO кезінде «Кегоктың» акцияларын сатып аламын. Бұл компанияның болашағы бар. Сондықтан мен оған сенемін.

Берік ХАСЕНОВ