Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда тұрғындардың денсаулығы нашарлап жатқаны жөнінде мәлімет расталған жоқ

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 1206

Ақтауда тұрғындардың басы ауырып, арасында кейбірі талып қалып жатыр. Тіпті иттердің қырылу оқиғалары жиілеген. Белгісіз дерт осымен үшінші күн ақтаулықтардың мазасын алуда. Халықтың келеңсіз жағдайға байланысты шағымдары жергілікті сайт бетінде жарияланған. 

Алайда, жедел жәрдем мен облыстық ауруханада мұндай ақпарат жоқ. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті де адамдардың халінен бейхабар болып шықты. Дегенмен, сайтқа шыққан хабарлама жедел көмек қызметін аяғынан тік тұрғызды. Қалалық СЭС қызметкерлері тұрғындары түсініксіз күй кешкен шағын аудардарға жол тартты. Не себептен тұрғындардың жаппай денсаулығы нашарлап жатқаны жөнінде әзірге нақты мәлімет жоқ.

Нұрлан Әбдіғалиев,  Маңғыстау облысы ТҚҚД жетекшісінің орынбасары:

Мәлімет расталған жоқ. Адамдар да түскен жоқ. Қалалық басқарма мен департаментке ешкім шағымданбаған. Мен ол ауданнан төменгі ауданда тұрамын. Бірақ тұрғындар маған, сен төменгі ауданда тұрасың, ешқандай иісті сезбегенсің, дейді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ