Русский Сайттың толық нұсқасы

МАГАТЭ сарапшыларына Иранның Мариван қаласындағы нысанға кіруге мүмкіндік берілді

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 998

Иран МАГАТЭ-мен қарым-қатынас аясында елдегі нысанның біріне агенттік мамандарының кіруіне ерікті түрде рұқсат берді. Әңгіме Тегераннан 700 шақырым жердегі Мариван қаласында орналасқан ядролық кешен жайлы. Бұрын бұл нысанда қуаты күшті жарылғыш заттарға сынақ жүргізіледі деген күмән болатын. Алайда, Ислам республикасы мұның негізсіз екенін айтып жүр. 

МАГАТЭ басшысының мәлімдемесі 18 қарашадан бері Венада өтіп жатқан иранның ядролық проблемалары туралы келіссөздердің  финалдық кезеңінде жасалды. «Алтылық»  елдері - Ресей, АҚШ, Британия, Франция, Қытай мен Германия - Иранмен бірге санкцияны алып тастау үдерісіне қатысты алауыздықты жоюға тырысып жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА