Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтау ауасында зиянды заттардың концентрациясы қалыпты мөлшерде

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 1321

Ақтау ауасында зиянды заттардың концентрациясы қалыпты мөлшерде. Тұрғындар бұған дейін ауада күкіртті сутектің ащы иісіне шағымданған болатын. Қаланың санитарлық қызметтері ауадан 9 компонент бойынша сынама жүргізіпті: көмір қышқыл газы, азот тотығы, аммиак және пропан деңгейі анықталды, деп хабарлайды ИНТЕРФАКС агенттігі. 


Сынаққа ша
һардың тоғыз шағын ауданының ауасы алынған. Оның ішінде өндірістік аудандар да бар. Алайда тұрғындардың шағымдарына себеп болар зиянды химикат анықталмай отыр.

Еске салсақ, белгісіз дерт үш күн бойында ақтаулықтардың мазасын алуда. Тұрғындардың басы ауырып, арасында есінен танып жатқандар да бар. Ащы ауадан, тұрғындардың сөзінше, тіпті иттердің қырылу оқиғалары болған
.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ