Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрғындар шағымынан кейін санитарлық қызмет мамандары ауа ластануының деңгейін өлшеді

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 972

Ақтаудың ауасында зиянды заттардың концентрациясы қалыпты мөлшерде. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшылары осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін тұрғындар ауада күкіртті сутектің ащы иісі бар деп шағымданған. 

Санитарлық қызмет өкілдері 9 компонент бойынша сынама жүргізді: оның ішінде көмір қышқыл газы, азот тотығы, аммиак және пропан деңгейі анықталған. Сынаққа шаһардағы тоғыз шағын ауданнан сынама алынды. Арасында өндірістік аудандар да бар. Алайда тұрғындардың шағымына себеп боларлық зиянды химикат анықталмады. Еске салайық, белгісіз дерт үш күн бойы ақтаулықтардың мазасын алды. Тұрғындардың арасында басы ауырып, есінен танып жатқандар да бар.

Марал Қадыр, Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқын қорғау департаменті басшысы:

Денсаулығына әсерін анықтау мақсатында Ақтау қаласында денсаулық сақтау орындарына және жедел жәрдем басшыларымен хабарласып, осындай жағдайға шағымданған немесе денсаулығында осындай жағдайға байланысты ауытқушылықтар бар адамдар бар ма деген сұрағымызға, ондай адамдардың болмағаны жөнінде ақпарат алдық. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ