Русский Сайттың толық нұсқасы

Шағын және орта бизнесті қолдау - Жолдаудағы негізгі бағыт

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 992

Елбасы тапсырмасына орай шағын және орта бизнесті қолдауға алдағы үш жылда Ұлттық қордан тоғыз триллион теңге бөлінеді. Осынау қомақты қаражаттың мақсатты жұмсалуы қатаң бақылануы тиіс. Бұл туралы Президент «Нұрлы жол - болашаққа бағыт» атты Жолдауында айтты. Мемлекет басшысының пәрменімен бөлінетін қаржыға аймақтағы кәсіпкерлер де ерекше үміт артып отыр. Инновациялық бастамалар мен өндіріске ерекше назар аударудың қажеттігін олар айқын сезінеді.

Алматыдағы анимациялық өнімдерді жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын 7 пайыздық субсидияға қол жеткізді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында қаражат алған кәсіпкерлер тың туындыларды әзірлеуге кіріскен. Жолдаудағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бастамалар бизнесмендерге шапағатын тигізеріне сенім мол. Кәсіп иелері осылай дейді.

Тахир Такабаев, кәсіпкер:

Әкімдіктегі арнайы кеңестен соң менің кәсібіме 46 млн теңге көлемінде субсидия бөлуге шешім қабылданды. Әрине, куандым. Егер екінші деңгейлі банктен несиені жеңілдіксіз алсам, 14 пайызға жетеді. Бес жылда қайтаратын ақшам 75 пайызға дейін артады екен. Ал мемлекеттің бизнесті қолдау бағдарламасы аясында мен бұл қаражатты ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен қайтаруға мүмкіндік алдым.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ