Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы Тобыл өңірінде қарқынды жүзеге асып келеді

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 1324

Елбасы Жолдауында айтылған «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы Тобыл өңірінде қарқынды жүзеге асып келеді. 2015-2017 жылдарға арналған бағдарлама аясында Қостанайдағы 42 көпқабатты көне баспана күрделі жөндеуден өткізілмек. Қалада 1 мыңнан астам көпқабатты үй болса, соның үштен бір бөлігі жөндеуді қажет етеді. Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің көбі өткен ғасырдың 50-70-ші жылдары аралығында салынған.

2015 жылы ескі ғимараттардың алтауы жаңа кейіпке енбек. Жөндеу жұмыстарына 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде шаһардағы жылу және су құбырлары да жыл санап жаңарып келеді. Осы жылдың өзінде бұл мақсатқа 1 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Оразтай Рамазанов, Қостанай қалалық тұрғын үй инспекциясының бастығы:

Елбасының Жолдауынан кейін жаңғырту бағдарламасы бойынша Қостанайға қосымша қаражат бөлінеді деген үміт бар. Яғни тұрғын үй-коммуналдық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге мол мүмкіндік тумақ. Біз оны тиімді пайдалану үшін тұрғындармен пікірлесіп, апатты жағдай алдында тұрған ғимараттар мен инженерлік коммуникацияны жөндеуге жұмсауды көздеп отырмыз.

Заңғар САНАЙ