Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде техникалық қызмет көрсететін мамандық иелерінің жетіспеушілігі анық сезіледі

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 1803

Елбасы Жолдауында қамтылған өзекті мәселенің бірі халықты жұмыспен қамту екені белгілі. Осы ретте елімізде техникалық қызмет көрсететін мамандық иелерінің жетіспеушілігі анық сезіледі. Өкініштісі сол, жастар бұл кәсіптерге көп бара бермейді. Бүгін осы мәселені Мәжіліс депутаттары көтерді. Олар Астанадағы №6 кәсіби-техникалық колледждің шәкірттерімен кездесіп, техникалық мамандықтың қыр-сырын меңгерген жастардың қажет екендігін айтты.

Басқосуға Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, Астана мен Алматыдағы бірқатар білім мекемелерінің басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты. Депутаттар Елбасының салиқалы саясатының арқасында қазір жастарға үлкен мүмкіндіктер беріліп отырғанын алға тартты. «Бүгінде қолға алынған ел дамуы үшін маңызды бағдарламаларды орындауда жастардың үлесі зор болмақ»,- дейді олар. 

Әсима Бимендина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Елбасы айтты бүгін біз жастарға көптеген мүмкіндік қолдарына беріп отырмыз. Өйткені болашақта 2050 жылғы стратегияны орындайтын, оның нәтижесін, қорытындысын да көретін осы жастар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА