Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш-Первый» деп аталатын деректі фильмдер апталығы басталды

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2014
  • 3019

Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының кітапханасында «Тұңғыш-Первый» деп аталатын деректі фильмдер апталығы басталды. Жобадан бүгінгі күні әлемде орын алып отырған қауіп-қатерлер мен түрлі сындарға тәуелсіз Қазақстанның қайтарған парасатты жауаптарын көруге болады. Бұл туындылар Қазақстан халқының тәжірибесін, Президенттің бейбітшілікті сақтау мен толеранттылықты қалыптастырудағы орасан зор рөлін паш етеді.

Қысқа метражды деректі фильмдер Францияда, Еуропаның басқа да елдерінде көрсетілмек. Кино апталығының ашылуы барысында белгілі француз режиссері Режис Гезельбаштың да фильмінің премьерасы өтті. Ол «Идеялар әлемді өзгертеді» деп аталады. Режиссерді ақпан айында Президент кітапханасы ғимаратының ерекше сәулеті таңқалдырған. Гезельбаш осы орталық арқылы ел мен Елбасының өмірін өрнектеуге тырысты.

Оксана Лоскутова, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының баспасөз хатшысы:

Бүгінгі ашылу салтанатында 7 қысқа метражды деректі фильм көрсетілді. Режес Гезельбаштың фильмдерімен қатар Президент телерадиокешені дайындаған фильмдер көрсетіледі.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ