Солтүстік
Қазақстанда жүк көлігі поезбен соқтығысып, бір адам қаза тапты. Төтенше
жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқыс оқиға демалыс күндері Петропавлдан
18 шақырым жерде орналасқан темір жол өткелінде болған.
«Тоқта» белгісін
елемеген МАЗ көлігінің жүргізушісі темір жолдан өтіп кетпекші болған. Осы
кезде жүк поезы алып міністің бүйірінен қағып, 4 вагон аударылды. Қырсық
шалғанда, бұл арада қарсы беттен жолаушылар поезы келіп қалады. Машинист
темір жол көлігін тоқтатқысы келгенімен, апаттың алдын алуға мүмкін болмады.
Астан-кестен болып жатқан поез бен жүк көлігіне келіп соғылған екінші поездың 3
вагоны істен шыққан.
Төтенше жағдайдың салдарынан МАЗ темір тұлпарын
тізгіндеген азамат бірден тіл тартпастан кетті. Ал қалған жолаушылар, абырой
болғанда, дін аман. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай департаменті мен
Оңтүстік Орал темір жолының арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр.
Абзал ҚҰРМАНКИН