Бүгін
Астана уақыты бойынша түнгі сағат үште Байқоңырдан пилотты «Союз ТМА-15М» кемесі
ұшырылды. Бұл туралы «Роскосмос» хабарлайды. Экипаж құрамында Антон Шкаплеров,
Терри Вёртс және Саманта Кристофоретти бар.
Ал «Қазкосмос» баспасөз қызметінің
хабарлауынша, зымыран-тасығыштың ажырайтын бөліктері Қарағанды облысы мен Шығыс
Қазақстан облысының алдын ала белгіленген аудандарына, сондай-ақ Ресейдің Алтай
аймағына құлаған.
Ұшуды басқару орталығы мамандарының айтуынша, экипаж
құрамының жағдайы жақсы. Олар орбитада барлығы 170 тәулік болады. Және осы
уақыт аралығында 200-ден астам ғылыми тәжірибе жасайды деп күтіліп отыр.
«Ұшырылымнан
алты сағат өткеннен кейін «СОЮЗ ТМА-15А»
кемесі халықаралық ғарыш станциясына сәтті жетті»,
- деп «Интерфакс»
хабарлап жатыр.