Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран делегациясының мәлімдеуінше, Венада «алтылықтың» жиыны нәтижесіз аяқталады деуге әлі ерте

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2014
  • 908

Иран делегациясы, Венада өтіп жатқан «алтылықтың» жиыны нәтижесіз аяқталады деуге әлі ерте, дейді. Дереккөздің хабарлауынша, тараптар өзара келісімге келе алмай отыр, бірақ әлі уақыт бар.  Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары, келіссөзердің биылғы отырысы нәтиже бермейді, сондықтан бірнеше айға созылып кетуі мүмкін, деп хабарлаған еді.

Еске сала кетсек, Венада «алтылық» пен Тегеран арасында Иранның ядролық бағдарламасы талқыланып жатыр. Тараптар ядролық бағдарлама бойынша ортақ келісімге келуге тырысуда.

Айта кетерлігі, жиын барысында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри кездесу өткізді.