Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та полицейлердің қаруынан жарақат алған бала көз жұмды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2014
  • 1231

АҚШ-тың Кливленд қаласында полицейлердің қаруынан жарақат алған бала көз жұмды. Оның қолындағы ойыншық тапаншаны тәртіп сақшылары шын қару деп ойлаған. Бұл жөнінде  «Рейтерс» агенттігі хабарлады.

Полицейлерге 12 жасар ер бала тапаншамен қорқытып жатыр деген дабыл келіп түседі. Олар жедел түрде алаңшаға жетіп, жасөспірімнің қолын көтеруін талап еткен. Алайда, бала оған құлақ аспайды. Офицерлердің атқан оғы баланың ішіне тиген. Патрульдік қызмет өкілдерін полицейлер ақтап отыр. Айтуларынша,  олардың оқ атуға толықтай құқы болған. Құзырлы орган тексеру жүргізуге уәде етті.

Еске салайық, АҚШ-та осыған ұқсас жағдай бұдан бұрын да орын алған. 18 жастағы қара нәсілді жеткіншек Майкл Браун тамызда полицейлер қолынан қаза тапты. Сол кезде тұрғындар бірнеше апта бойы наразылық шеруіне шыққан.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА