Русский Сайттың толық нұсқасы

«Түрквижн-2014» халықаралық байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова елге оралды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2014
  • 1505

«Түрквижн-2014» халықаралық байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова елге оралды. Күллі түрік жұртының назарына іліккен өнер иесі мен байқауға ат салысқан жандар Астанада БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке  журналистерден бөлек Жанардың жанкүйерлері де келді.

Биыл екінші рет ұйымдастырылған ән сайысы Қазан қаласында өтті. Қазылар қатарында Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов та болды. Ел намысын қорғаған Жанар Дұғалова байқаудың бірінші күні сыннан сүрінбей бірден финалға жолдама алды. Доданың екінші күнінде жас әнші 225 ұпаймен 15 елдің арасынан озып шығып, бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарТатарстан мен Башқұрстанға бұйырды.

Байқауда Ринат Заитовтың сөзіне жазылған әншінің «Ізін көрем» атты өз туындысы шырқалды. Өз сөзінде Жанар бұл жеңісін Елбасына арнайтынын айтты.  

Жанар Дұғалова, «TURKVIZYON-2014» халықаралық байқауының жеңімпазы:

Ата-бабамның рухына арнап шығарған әнім жеңіс әкелді. Және де бұл жеңіске Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында қолымыз жетті. Сондықтан да мен бұл жеңісімді Тұңғыш Президентімізге Елбасымызға арнаймын. Әнші ретінде, жалпы елімнің патриоты ретінде мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ