Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік 5 жастағы Темірлан Сәндібаев үсіп өлген

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 868

5 жастағы Темірлан Сәндібаев үсіп өлген. Полицейлер сот медициналық сараптамасының қорытындысы соны көрсетті дейді. Ақтөбеде 10 қазан күні есік алдына ойнауға шығып жоғалып кеткен Темірланды мыңға жуық адам іздеген болатын. Әскерилер, полицейлер мен қала тұрғындарынан жасақталған еріктілер тобы айналаны қарап шыққан еді.

Өкінішке орай, 2 апта өткен соң ғана бүлдіршіннің денесі Қарғалы өзенінен табылды. Бірақ сараптама Темірланның шамамен 11-14 қазан күндері аралығында көз жұмғандығын көрсеткен.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі:

Сот-медициналық сараптамасы Темірланның денесінен сыртқы және сүйек жарақаттарын анықтаған жоқ. Осы іс бойынша тағайындалған сот-биологиялық сараптамасы баланың киімінде қан іздерінің жоқтығын анықтады.

Мансұр ЕСҚОЖИН