Русский Сайттың толық нұсқасы

Саяси-экономикалық жоспарға жан бітіру - әр қазақстандықтың міндеті

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2014
  • 1148

Төмен пайызбен баспана беру, үш ауысымдағы білім беру мекемелері мен балабақша тапшылығын жою. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында көтерілген мәселелердің орындалуы бүгін «Астана» арнасындағы «Кеш емес» бағдарламасында сөз болады.

Бағдарламаға қатысқан депутаттар мен қоғам қайраткерлері, әлемдік экономика шатқаяқтап тұрған кезде Елбасы қазақ елінің бұл қиындықтан қысылмай шығуының жолдарын айқындап берді, десті. Олардың сөзінше,  саяси-экономикалық жоспарға  жан бітіру әр қазақстандықтың міндеті болуы тиіс.

Бекболат Тілеухан,  қоғам қайраткері:

Бұл бүгінгі кезде күттірмейтін, аса қажетті, елдің елдігіне, елдің тұрақтылығына аса қажетті негізгі нәрселер белгіленіп берілді. Бұнымен шаруа бітіп қалды деген сөз жоқ. Әлі қажеттіліктердің түрі көп. Енді осының бәрін, белгіленген нәрселерді талан-таражға салмай, рет-ретімен, өте кәсіби деңгейде Үкімет осыны іске асыра алатын болса, шынында да керемет болады.

Бүгін 22.00-де назарыңыз «Кеш еместе» болсын! 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА