Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президенті Милош Земанмен Ақордада кездесті

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2014
  • 1665

Экономикалық санкциялар - санаулы елдер ғана шешетін мәселе емес. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырындағы іс. 2007 жылғы дағдарыстан әлі айықпай тұрып, экономиканы саясатпен араластырудың жөні жоқ. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президенті Милош Земанмен Ақордада өткен кездесуде осылай деді. Ал жаһандық саяси ахуал туралы чех президенті жақ ашпады. Оның себебі де жоқ емес. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Ақордада өткен қазақ-чех басшыларының кездесуінде геосаясаттан бастап, жергілікті ауа-райына дейін сөз болды. Чех президенті Милош Земан бастаған делегация құрамындағы «Чех-телеграф» агенттігі тілшісінің біздің Президентке қойған алғашқы сауалы бүгінгі аязбен байланысты. Чехия билігінің сапары арқаның бет қаритын алғашқы үскірігімен тұспа-тұс келгені рас.

- Как вы справляетесь местными морозами? - Мы скучаем без этих морозов. Мы любим свою зиму красивую.

Әңгіме содан соң барып геосаясаттағы «салқын» мәселелерге ойысты. Оның ішінде Батыс пен Ресей арасындағы текетірес. Қазақстан Президентінің бұл тұрғыдағы ұстанымы түсінікті. Соқыр саясат соңы экономикаға соққы болатынын, одан мемлекеттердің әл-ауқаты күрт төмендейтінін тағы айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Вообще-то, санкции такие устанавливаются ООН, а не государством, группой государств. Ни российской стороне, ни европейской стороне эти санкции пользу не приносят. Только что начали мы выходить из того серьезного кризиса, который был в 2007-2009 годах, и снова попали в это.

Чех президенті бұған қатысты пресса алдында жақ ашпады. Жақында ғана оның «Қырым Украинаға енді қайтарылмайды, бұл кезіндегі Хрущевтің қателігі» деп айтқаны халыққа жақпай, Прагада наразылық акциясы өткен. Сөйтіп, президенттің рейтінгі бірден 21 пайызға түсіп қалды. Сол оқиғадан соң, Милош Земан тілін тістеп қалса керек. Ал  Қазақстанды ол Германия, Жапония, Оңтүстік Кореяның қатарына қойып, Орта Азиядағы экономикасы озық ел деп бағалайтын айтты. Бүгін елге 85 кәсіпкерді ерте келді. Тараптар құны 400 миллион доллар болатын 13 келісімшарт жасамақ. Чех басшысы бізге көлік-авиациялық техниканың түр-түрін  ұсынды.

Милош Земан, Чехия Республикасының президенті:

Прага Астанаға ең жақсы оff-road көліктерін ұсынады. Бұл Tatra жүк көліктері Қазақстанның дамуына өте жақсы көмектесе алады. Сонымен қоса сіздерге шағын және орташа көлемдегі жаңаланған ұшақтарды ұсына аламыз. Қазақстанда қарқынды түрде аэродромдар желісі салынып жатқанын білем.

Бүгінде қазақ-чех арасындағы сауда айналым 1 миллион долларды құрайды. 2005 жылдан бастап біріккен компания 15 мың «Шкода» автокөлігін шығарған. Енді жылына 8 мың жеңіл көлік құрастыруды жоспарлап отыр.

Мөлдір Бақыт-қызы,тілші:

Бұдан бөлек, қаржыландыру саласында да түбі чехиялық банк қызу жұмыс істеп жатқаны мәлім. Күнделікті тұтынатын «Прага» хрусталь ыдыстарының желісі де көпке танымал. Қысқасы біздің елде 200-ге тарта чех фирмасы жұмыс істейді. 2012 жылы Қазақстан Президентінің Чехияға сапарынан соң, арадағы сауда айналым екі есеге артқан. Ал Чехияның мүддесіне келетін болсақ, бұл елде тұтынылатын мұнай мен газдың 80 пайыздан астамы Қазақстаннан экспортталады екен.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ