Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізге ресми сапармен Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімов келді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2014
  • 939

Бүгін елімізге ресми сапармен Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімов келді. Өзбекстан басшысы ертең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ресми кездесу өткізбек. Ресми кездесу барысында жоғары деңгейлі екі жақты келісімдер жасалынады деп жоспарлануда.

Қос президент 2013 жылы Елбасының көрші елге сапары кезінде қол қойылған келіссөздердің қаншалықты жүзеге асқандығы жайында сөз қозғайды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімов тауар айналымындағы экономика, су-энергетика, көлік және мәдениет саласындағы алдағы бағыттарды да қарастырады, делінген ресми хабарламада.  

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ