Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО Абай ауданында дала аң-құсын атуды кәсіп қылған бір топ браконьер қолға түсті

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1436

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дала аң-құсын атуды кәсіп қылған бір топ браконьер қолға түсті. Тексеріс барысында олардың көлігінен бұғы, елік және оннан астам құс табылды. Қаскөйлердің ізіне түсуге жедел ақпараттандыру көмек болды. Жергілікті тұрғындар ен даладан атылған мылтық дыбыстарын естігендерін айтып, көліктің белгілерін сипаттап берген. Заң бұзушылар із бойы аңдылып, құрықталды.

«Газель» маркалы көліктен полицейлер заңсыз атылған аңнан бөлек тіркелмеген қару-жарақ анықтады. Табиғатқа келтірілген зиян шамамен 572 мың теңгеге бағаланып отыр. Айыптың дәл сомасы мен жазаны сот шешімі тағайындайды. Оқиға орнында толтырылған хаттамалар мен айғақ-дәлел сотқа ұсынылады.  

Әсет Сауырбаев, ШҚО республикалық аң аулау инспекциясының аға инспекторы:

Полицейлермен бірлесе рейдке шығып, 4 аңшыны ұстадық. Олардың рұқсат қағаздары жоқ. Сондай-ақ көліктерінде жануарлардың бөлшектелген еті, құжаты жоқ 2 қару табылды. Абай аудандық полиция бөлімшесінде хаттама толтырылып, заңсыз аң аулау бабы бойыша қылмыстық іс қозғалды. Себебі бұғы мен елік - қызыл кітапқа енген жануар.