Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатымен арнайы курс өтті

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1204

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ел дамуының стратегиялық басым бағытының бірі ретінде тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін сөз еткен еді. Осыған орай заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі - нотариаттың, яғни нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін Астанада арнайы курс өтті.

Айта кетейік, шараны алғаш рет Республикалық
нотариаттық палатаның жанынан құрылған біліктілікті арттыратын орталық ұйымдастырған. Орталықтың дерегінше, ел аумағында 3 жарым мыңнан аса нотариус бар. Соңғы 2 жылда олардың саны  өскен. Елордаға жиналған 50-ге жуық нотариус қызмет көрсету барысында кездесетін проблемаларды ортаға салды. Қолданыстағы Нотариат туралы Заңның теориясы көп жағдайда тәжірбиеге сәйкес келе бермейді. Негізінен жер актілерін тіркеу, көші-қон мәселелерінде өз міндеттерін нақтылады. Президент айтқан халыққа сапалы қызмет көрсету үшін орталық енді желтоқсаннан бастап электрондық қызмет сапасын артыруды көздеп отыр.

Қалқаман Айтов, Республикалық нотариалды палата нотариустардың біліктілігін арттыру орталығының директоры:

Біліктілігін арттыру, тәжірбие алмасу, халыққа қызмет көрсеткен кезде жоғары деңгейде қызмет көрсету біздің мақсатымыз болып отыр.

А.РАХМАНОВА