Русский Сайттың толық нұсқасы

Талғат Мұсабаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2016
  • 1463

Бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Мұсабаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық ғарыш агенттігін басқарып келген Мұсабаев енді 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін кеңесші қызметін атқармақ.

Сонымен қатар, Елбасының Өкімімен Данияр Айтмұхаметов Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы қаласының әділет департаментіне басшылық етті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ