Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбританияда терроризм қаупі бірнеше жыл көлемінде сақталады

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1222

Ұлыбританияда терроризм қаупі бірнеше жыл көлемінде сақталады. Бұл туралы полицияның терроризммен күрес бөілімінің үйлестірушісі Марк Роулиге сілтеме жасап, «Guardian» газеті жазды.

Ең басты қауіп ретінде ол әлемнің түкпір-түкпірінен адамдарды азғырып, қатарын күн санап арттырып жатқан «Ислам мемлекеті» ұйымын атайды. «Және ол ұйым жеңіліс тауып, ыдырап кетсе де, ислам экстремизмі қаупі сақталады»,- дейді Роули. Оның айтуынша, «Ислам мемлекеті» ұйымы тек Сирия мен Иракта орналасқан жоқ, олар өзге де елдерде тамыр жайған. Сондықтан алдағы екі-үш жыл ішінде бұл мәселені түп-тамырымен шешіп тастау мүмкін емес.

Айта кетерлігі, тек биылдың өзінде Ұлыбритания қауіпсіздік күштері 5 лаңкестіктік әрекеттің алдын алып, террористердің жолын кескен. Және лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдіпен 270 адамды қамауға алған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ