Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысының 5 аудан орталығына газ тартылады

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1187

Қызылорда облысында елді мекендерді газдандыру бағдарламасының тұсауы кесілді. Алғашқы болып көгілдір отын шапағатын көру Байқоңыр қаласының тұрғындарына бұйырып отыр. Жақында ресми түрде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан «Байқоңыр» автоматтандырылған газ тарату станциясына дейін бұрма-газ құбырының құрылысы басталып кетті.

Байқоныр қаласынан кейін жоспар бойынша магистральды құбырға Арал қаласы мен Әйтеке-би, Жаңақорған, Шиелі кенттері қосылады. Инвестициялық жобаға сәйкес барлық жерде автоматтандырылған газ тарату станциялары мен ауыл-қала ішілік газ желілері салынады. Аймақтың жалпы 190 мыңнан астам халқы газбен қамтылады деп жоспарлануда. Ал құрылыс жұмыстарына 250 адам тартылса, құбырларды іске қосқан соң 223 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Ибулла Сердиев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директоры:

Бұл жоба бойынша 1439 километр газ құбыры төселінеді, 5 АГРС және де бұл жобаның құны шамамен 23 миллиард теңгені құрайды. Және осы жобаға жұмсалған ақшаның бәрі тек қана инвесттариф арқылы өтелінетін болады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры жылына 10 миллиардтай текше метр газды өзімен өткізетін мүмкіндігі бар. Соңдықтан да болашақта газға деген тапшылық болмайды.

Шарипа САҚТАПОВА