Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүслім Өмірияевке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1200

Ауыл шаруашылық министрінің бұрынғы орынбасары Мүслім Өмірияевке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Астана қалалық соты айыптының үкімге қатысты шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, Мүслім Өмірияевке қатысты сот үкімі қазанда шықты. Сот ауыл шаруашылығы вице-министрін аусылға қарсы вакцина сатып алу конкурсындағы тендерге байланысты жеке кәсіпкерден ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп тапқан-ды.  Нәтижесінде айыпталушы жемқорлықпен айналысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Дегенмен, оның өзі бұл шешіммен келіспейтінін айтқан. Еске салайық, Өмірияев өткен жылдың желтоқсанында ұсталды.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков орынбасарының кінәсі делелденсе, қызмет орнын босататынын мәлімдеген. Алайда, министр әзірге өз жұмысын жалғастыруда.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ