Астаналық
көші-қон полициясы көршілес Қырғызстаннан келетін мигранттардың санын реттеу
қиынға соғып отырғанын мәлімдеуде. Себебі Кеден одағы келісіміне сай, Ресей мен
Беларусь және Қырғыстаннан келетін азаматтардан Қазақстанда мекендеу қағазын
алу үшін, төлем қабілетін айғақтайтын анықтама талап етілмейді, яғни 90 тәулікке
жеке мақсатпен келген қырғызстандықтар да рұқсатнаманы тағы 90 тәулікке оңай
ұзартып, Қазақстанда заңсыз кәсіптерін жалғастырып жатса керек.
Гүлвира
Дөнентаева, Астана қаласы ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы:
Қырғызстан
азаматтары көп жағдайда саудамен айналысады. Заң жүзінде олардың санын реттеп,
шектеу мүмкін болмай отыр. Көші-қон полициясы ЭКСПО қарсаңында, әрине, бұл
азаматтардың санын шектеуге тырысады. Алайда олардың мекендеу қағазына қол
жеткізулеріне өтініш білдіріп, өмірбаяны мен құжатының көшірмесін ұсынса
болғаны. Ал, мәселен, Өзбекстан, Армения, тіпті басқа алыс-жақын мемлекеттер
азаматтарының жеке есебінде 2 млн 400 теңге болуы шарт.
ЭКСПО көрмесі қарсаңында елордада мигранттардың
санын реттеу үшін көші-қон полициясы бірқатар шектеулер енгізуді ұсынып отыр.
Атап айтқанда, бұған дейін де көтерілген 15 шаршы метр тәртібін. Яғни Астана
тұрғыны өз үйіне шетелдік қонақты қабылдайтын болса, өзінен артылған 15 шаршы
метрі болуы шарт. Осылайша көші-қон полициясы азаматтарды шектеусіз тіркейтін
баспаналар проблемасын шешпек. Мигранттар толқынын тежеуге құзырлы органдар
міндетті медициналық сақтандырудан бөлек, тағы бір медициналық анықтама талап
етуді ұсынып отыр.
Гүлвира Дөнентаева, Астана қаласы ІІД көші-қон
полициясы басқармасының басшысы:
Создалась ситуация, когда на рынке граждане
Кыргызстана уже нанимают граждан РК, чтобы они у них работали.
Қазақстанға мекендеу қағазы түгілі, қыдырып
келген қырғызстандықтар саудасын қыздырып, балаларын біздің мектептерге оқуға
орналастыратын көрінеді. Астана қаласы бойынша көші-қон саласындағы мемлекеттік
саясатын жүзеге асыру тетіктерін талқылаған көші-қон полициясы мен мәслихат
депутаттары бұл мәселенің түйткілді, таразылайтын тұстары көп деп тарқасты.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ