Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент Сенатының жалпы отырысында үш жылдық бюджет жобасының жаңа нұсқасы мақұлданды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1219

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында үш жылдық бюджет жобасының жаңа нұсқасы мақұлданды. Енді бас қаржы құжаты Президентке қол қоюға жіберіледі. Жаңа Жолдауға сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасына шұғыл өзгерістер енгізілген.

Нәтижесінде Ұлттық қордан бөлінетін қаржы көлемі 15 пайызға ұлғайтылып, жылына қосымша 1 миллиард 702 миллион теңге қарастырылып отыр. Экономика министрі Ерболат Досаевтың мәліметінше, 2015 жылы Ұлттық қор қаражатының жалпы көлемі 97,7 АҚШ доллары болады. Ал 2017 жылы ол 115,6 миллиард долларға жетеді.

Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Президенттің соңғы Жолдауынан кейін осыған бір қомақты қаражат бөлініп, осы шаруалар халыққа, әр отбасына жақын шаруалар іске асады деген ойдамыз. Осы жолда Үкімет мүшелеріне сәттілік тілеймін. Осы бюджетті ойдағыдай орындап, ақшаның бәрі орын орнымен жұмсалып, сондай жағдайда халықтың бәрі осы мәселенің жақсылығын көреді деп есептеймін.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ