Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО әкімі Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар жүктеді

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2014
  • 1552

Президент тапсырмаларын орындаумен «күні-түні айналысасыздар». Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Даниал Ахметов қала және аудан басшыларына осындай тапсырма берді. Облыс активінің жиналысында Елбасының Жолдауы жан-жақты талқыланып, нақты жоспар бекітілді. Басымдық жолдарға берілді.

2015 жылдан бастап Өскемен-Алматы және Қазақстанның екі облысы мен Ресейдің үш аймағын байланыстыратын халықаралық Омбы-Майқапшағай трассалары жөндеуден өтеді. Осы ретте мамандарға жөндеуді қажет етіп тұрған бағыттарды анықтап, оған қанша техника және қанша күш кететінін есептеп, сараптама жасау тапсырылды.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Жолдың сапасы қатаң бақылауда болады. Техникалық университеті бар аймақтан жүздеген маман шықты. Сондықтан бұл қиындық туғызбауы тиіс. Осында отырған әкімдерге айтарым, жөндеу жұмыстарының сапасы жоғары болуы керек. Бірқатар әкімдердің жол құрылысы жөнінде білімі де бар, бірақ мен ол білімдерінің осы саланы жақсартуда әсерін тигізіп жатқанын байқамай отырмын.

«Әкімдер сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына да жауапты болады», - деді өңір басшысы. Тіпті ауылдықтарға бизнес-план құруға көмексетіп, фермаларының құрылысы мен өнімдерін сатылымға шығаруға қолдау білдіру керек. Даниал Ахметовтің айтуынша, өңірде жайылым жерлер мен егін алқаптары жетерлік. Алайда кей аудан басшылары өңірінде қанша мал бар екенін және қандай дәнді-дақылдардың егіліп жатқанынан да бейхабар, - дейді.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Аргарлық салада ерекше сұраныс болады. Әсіресе арнаулы бағдарламаларды бақылауда ұстаймыз. Және олардың басы-қасында әкімдер тұруы тиіс. Сіздер жай ғана сырттан қарап, шаруалар жобаларын қалай жүзеге асырып жатыр екен деп бақылап тұрмау керексіздер. Сол іске білек сыбана араласып, өздеріңіз бастама көтеріңіздер. Мемлекет басшысы бастама көтеріп жатқанда, неге сіздерге көтермеске? Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асырумен күні-түні айналысасыздар.