Кризис террористерге де әсер
етті. Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ экстремистік тобы содырлар жалақысын
есеге қысқартпақ. Бұл туралы ВВС, Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам
құқықтары ахуалына мониторинг жасайтын орталыққа сілтеме жасап, хабарлады. ВВС тілшілерінің болжамдарына сай, ДАИШ қарамағындағы мұнай нысандарына
жасалған әуе шабуылдардың салдарынан әлсіреген.
Айта өтейік, АҚШ пен оның
серіктестері жыл басынан бері ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы 270 нысанын жойғанын
мәлімдесе, Ресей 1100 объектіні жермен жексен қылғанын ресми түрде хабарлады.
АҚШ қаржы министрінің терроризмді қаржыландыруға қарсы көмекшісі Дэниэл
Глейзердің айтуынша, өткен жылы ДАИШ-тың қара алтын саудасынан түсетін пайдасы
айына 40 млн АҚШ валютасын құраған. Сол кездері лаңкестік топ содырларына ай сайын 1 мың көк қағазбен жалақы беруге
қауқарлы болыпты.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА