Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық бірлестік өкілдері Мәжілістің жаңа құрамы экономикалық қиындықтардан алып шығады деп сенеді

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2016
  • 1656

Мәжіліс пен мәслихат сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамды бірлестік өкілдері қолдайды. Олар мәжілістің жаңа құрамы елімізді экономикалық даңғарыстан алып шығатынына нық сенім артып отыр.

Шәріпбек Жамалбек, ОҚО «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігінің  президенті:

Егер де осы депутаттардың қатарына жақсы экономистер, жақсы заңгерлер келетін болса, әсіресе жаңа буын жастар келетін болса, олар біздің еліміздің отыз алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуына өздерінің үлесін қосады ғой деп есептеймін. Әрине, сонымен бірге қабылданған «5 институционалды бағдарлама - 100 нақты қадамды» іске асыратын осы кісілер болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ