Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ кеңесі Иранға қарсы санкциялық әрекетін тоқтату мерзімін 6 айға ұзартпақ

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 1015

Еуроодақ кеңесі Иранға қарсы санкциялық әрекетін тоқтату мерзімін 6 айға ұзартпақ.  Бұл туралы «РИА Новости», еуропалық дипломатия басшысының ресми өкілі Катрин Рэйге сілетеме жасай отырып, хабардар етті. Рэй өз сөзінде бүгін Еуроодақтың алқалы кеңесі заңнамалық актісін қабылдайтынын айтты. Бұл құжат алдағы жарты жыл бойы Иранға қарсы енгізілген санкциялардың күшін тоқтатады.

Осыған дейін айтылғандай, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты санкцияны уақытша тоқтату шарасына америкалық конгрессмендер мен сенаторлар қарсылық білдіріп, Тегеранға қарсы жаңа санкция жасауға шақырған болатын.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ