Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Нидерланд Королдігі балама қуат көздерін дамыту бойынша өзара даму жол картасын бекітті

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 1344

Қазақстан мен Нидерланд Королдігі балама қуат көздерін дамыту бойынша өзара даму жол картасын бекітті. Енді екі ел Қазақстанда күн сәулелі батареяларын шығару бойынша технологиялар мен білім инфрақұрылымдары құрылысын бастайды.

Келіссөздерді жүргізген еліміздің Энергетика министрі Владимир Школьник пен Нидерландтың экономика істері министрі Хенк Камп «ҚазАтомПром» Ұлттық компаниясы мен голландтық бірқатар күн сәулелі батареялар шығарушы компаниялары біріге жұмыс атқаратынын мәлімдеді.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Қазақстан күн сәулесін электр қуатына айналдыру бойынша алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі болып есептелетін голландиялық «АСN» компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Біріге Таяу Шығыс елдерінде, қуаттылығы ондаған гиговатты құрайтын жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз. 

Хэнк Камп, Нидерланд Королдігінің экономика істері министрі:

Қазақстан күн сәулесін энергияға айналдыру жолында үлкен қадамдар жасап отыр. Өз тарапымыздан «АСN» компаниясы «ҚазАтомПроммен» бар тәжірибесімен бөлісіп, нәтижелі жұмыс атқарады деп сенеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ