Русский Сайттың толық нұсқасы

Бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай елге оралды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 1031

Бокстан қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш чемпион бүгін елге оралды. Әуесқой бокстан өткен әлем біріншілігінде үздіктер сапынан көрінген Назым Қызайбайды Алматы халықаралық әуежайынан спорт мамандары, туыстары мен журналистер күтіп алды.

Оңтүстік Кореяның Жежу қаласында өткен кезекті әлем чемпионатының ақтық сынына екі қазақ қызы жолдама алған болатын. Назым үндістандық былғары қолғап шеберін аса басымдықпен ұтып, алтыннан алқа тақты. Ал ауыр салмақта сынға түскен Ләззат Күнгейбаева ресейлік спортшыға есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді. Ол да бүгін түскі рейстердің бірімен Алматыға келіп қонбақшы.

Назым Қызайбай, бокстан әлем чемпионы:

Әр бойға сондай настроймен шықтым. Сонша алтын медаль үшін төккен еңбек ақталды. Өзімнің арманым бүгін орындалы. Негізі өз қарсыластарымды жақсы білетінмін. Ешқайсысы да осал емес. Білгендіктен, оларға дайын болдым.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ