Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда темір жол цистерналарын тазарту бекеті мұнай қалдықтарымен қоршаған ортаны ластаған

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 1394

Ақтауда темір жол цистерналарын тазарту бекеті маңында мұнай қалдықтарының шалшығы пайда болған. Мына кадрлар апта басында біздің арна объективіне ілікті. Бұл - бұрынғы химия-тау-кен металлургиялық зауытының аумағы. Мұнда цистерналар мұнай қалдықтарынан тазартылады. Ал бүгін ауладағы көрініс басқаша. Шалшыққа топырық сеуіп тастаған. Табиғатты қорғау прокуратурасы экология департаментіне тиісті тексеріс жүргізуді тапсырыпты.

Данабек Жанғұнысов, Маңғыстау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары:

Егер қалдықты көміп тастаса, біз ол аумақты қоршап, анықтаймыз. Қандай жауапкершілікке тартылатыны содан соң белгілі болады.

Жаза түрін табиғатты қорғау прокуратурасы белгілейді. Алайда құзырлы орган экология және тұтынушылар құқын қорғау департаментінің тексеріс нәтижесіне байланысты шешім шығарады. 

Асылан Кужиев, Маңғыстау облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі:

Бұл дерек заңбұзушылық екені айдан анық. Бірақ 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнесті тексеруге тиым салу туралы бұйрық бар. Дегенмен заң аясында әрекеттенуге тырысамыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ