Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің оқу-әдістемелік жиындары өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 1124

Қазақстан Қарулы күштерінің Бас штабының бастығы жауынгерлік дайындық жүйесін қайта қарауды ұсынып отыр. Бұл туралы «ИНТЕРФАКС-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің оқу-әдістемелік жиындары өтіп жатыр. Онда республика Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов «әскери теорияны терең зерттеп, қауіпсіздікке жаңа қауіптер төніп отырған жағдайда әскери ғылым бағыттарын кеңейтіп, заманауи әскери кикілжіңдердің озық тәжірибесін пайдалану керектігін» атап өтті.

Шара әскери басқарма органдары мен әскерилерді дайындауда тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған. Жиынға қатысушылар қазақстандық армия қызметінің барлық өзекті мәселелерін, жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру мен өткізу жәйттерін талқылайды.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ