Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ляззат Күнгейбаева Астанаға оралды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 1340

Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы сәтті өнер көрсетті. Назым Қызайбай алтыннан алқа тақса, Ляззат Күнгейбаева күміс медальді ұтып алды. Халықаралық аренада ел абройын асырған спортшылар бүгін елге оралды.

Бокстан әлем чемпионатында ел абыройын асырған спортшылар елге оралды. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді ұтып алған Ляззат Күнгейбаеваны Астана әуежайынан туыстары, достары және жанкүйерлер күтіп алды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында спортшы жоспарымен бөлісті.

Ляззат Күнгейбаева, бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері:

2016 жылы Астанада әлем чемпионаты болады. Лицензия ойналады олимпиадаға. Құдай қаласа, соған дайындаламыз. Барлығы жақсы болады. Сол әлем чемпионатында бірінші орын алуға тырысамын.

Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен әлем біріншілігі Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. 48 келі салмақта дәрежесінде сынға түскен Назым Қызайбай әлем чемпионы атанды. Ал жарысты бірқалыпты өткізген Ляззат Күнгейбаева тек финалда Ресей спортшысы Зенфира Магомедалиеваға ұпай санымен есе жіберді. Біраз тынығып алғаннан кейін еліміздің әйелдер құрамасы желтоқсанда Германияда өтетін халықаралық жарысқа аттанады.



«Барыс» хоккей командасына 15 жыл толды. 1999 жылы 26 қарашада команда іргетасы қаланды. Осы жылдар ішінде астаналық клуб елеулі жетістіктерге қол жеткізді. 2008 және 2009 жылдарда «Барыс» клубы  Қазақстан чемпионы атағын ұтып алды. 2007 жылы қазақстандық ұжым Ресей чемпионатының бірінші лигасында топ жарды. 2008 жылдан бастап құрлықтық хоккей лигасында Қазақстанның намысын қорғауда. 


6 жыл ішінде «Барыс» клубын Александр Высоцкий, Андрей Шаянов, Андрей Хомутов, Владимир Крикунов, Ари Пекка Селин және Андрей Назаров жаттықтырды.  Команда 6 мәрте плей-офф ойындарына жолдама алып, өткен маусымда екінші кезеңге шықты. Жеке номинацияларда «Барыс» хоккейшілері топ жарды. Олардың қатарында Александр Корешков, Виталий Новопашин, Кевин Далмэн және Брэндон Боченски бар. Тағы бір айта кететін жәйт - Қазақстан құрамасының басым бөлігі «Барыс» хоккейшілерінен жасақталған.

Самат ҚАНАҒАТОВ