Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО қатты жел мен жауған қар салдарынан тас жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2014
  • 1476

Ресей шекарасындағы Өскемен-Шемонаиха тас жолы жабық. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. Боранның салдарынан Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Алтай өңіріндегі Барнауыл-Рубцовск бағыты да жабылған.

Қарлы-бұрқасынды ауа райының салдарынан елімізде жол апаттары жиілеп кетті. Тек Алматының өзінде бір тәулік ішінде 122 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлаған едік.  Құтқарушылар жолаушыларға көлікте абай болып, алыс бағыттарға шықпауға кеңес береді.

Айта кетерлігі, биылғы қыс өткен жылғыдан әлдеқайда суық болады деген болжам бар. Синоптиктердің болжамынша, боран мен қар жиі түсіп, аяз да қыса түседі. Және алдағы күндері батыс облыстардан басқа республиканың барлық аумағында қар, ал солтүстікте бұрқасын болып желдің жылдамдығы артады деп күтілуде. «Оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады», - деп хабарлайды «Қазгидромет». Алдағы екі тәулікте түнгі температура қайтадан 22-27 градусқа төмендеп, кей жерлерде 30-35-ке дейін аяз болады. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ