Жемқорлық
үшін алты жылға сотталған Қорғаныс министрінің экс-орынбасары Бағдат Майкеев
бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл ақпаратты дереккөзге сүйеніп, «Қазтаг»
агенттігі хабарлайды. Жазасын өтеуші бұрынғы шенеуніктің
денсаулығы қатты сыр берген. Оның қалқанша безінің обырын емдеу керек екен.
Майкеев қатты науқас, сондықтан оны босатуы мүмкін, деп хабарлаған дереккөз.
Естеріңізге сала кетсек, 61 жастағы Бағдат Майкеев ақпан айында ұсталды. Ол 252
млн теңге және 147 мың доллар көлемінде пара алып тұрған жерінде тұтқындалған
еді. Ал маусым айының соңында сот оның мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас
бостандығынан айырған болатын.