Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдан 13 шақырым жерде жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2014
  • 1875

Алматыда тағы жер сілкінді. Жер асты дүмпуі кеше сағат 23:57-де тіркелді. Эпицентр ошағы Алматы орталығынан оңтүстікке қарай небары 13 шақырым жерде орналасқан.

Аталмыш ақпарат Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының ресми сайтында жарияланды. Жер асты дүмпуінің қуаты 4,2 баллдық көрсеткіште тіркелген. Ал Алматы тұрғындары жер сілкінісін 2 баллдық күшпен сезді. Жер асты тербелістері әсіресе қаланың жоғарғы бөлігінде қатты сезілді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ