Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда гидранттардың үштен бір бөлігі пайдалануға жарамсыз деп танылды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2014
  • 967

Қызылжарда гидранттардың үштен бір бөлігі пайдалануға жарамсыз деп танылды. Бұл жайында төтенше жағдай департаментінің өкілдері біздің арна тілшілеріне берген сұхбатында айтты. Қалада 828 жерасты сумен қамту құрылғысы бар. Арнайы тексеріс жұмыстарының нәтижесінде, оның үш жүзге жуығының істен шыққаны белгілі болды. «Бұл отты ауыздықтау кезінде қосымша қиындық туғызады», - дейді өрт сөндірушілер.

Ширатып айтсақ, заңға сәйкес гидранттар әр 200 метр сайын орналасу керек. Егер де отқа оранған ғимараттың қасындағы су құбыры істемей тұрса, онда құтқарушыларға суды келесі көшеден тасуға тура келеді. Ал бұл өз кезегінде уақыттың шығындалуына әкеліп соғады, дейді төтенше жағдай басқармасының басшылығы. Алайда, гидрант иелері ақауды жоюдан жалтарып отырмаса керек. Тіпті меншігінде бірнеше гидранты бар алып кәсіпорындар оларды жаңартудың 3 жылдық жоспарын құрып қойыпты.

Азамат Орымбаев, Петропавл қалалық төтенше жағдай басқармасының басшысы:

Жылына екі рет тексеріс өтіледі. Тексеріс нәтижесі бойынша барлық гидрант иелеріне арнайы хаттар жіберілді. Бұл хаттардың барлығы басшыларымен қарастырылып, жақын арада бұл гидранттардың бәрін іске қосамыз деген жоспарларын жіберіп, жаңағыдағыдай айтып өттім, 2017 жылға дейін барлық гидранттарды жөндеу жоспарланып отыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН